Skip to content

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ЖЫЛДЫҚ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ТӨМЕНДЕМЕК

       Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі басқармасының қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде жоба әзірледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Екінші деңгейлі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша кепілсіз банк қарыздары бойынша 44%, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша 44% болып бекітілсін», – делінген құжатта.

    Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірме құжатта бұл бастаманың тұтынушылық несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету үшін ұсынылып отырғаны көрсетілген.

     «Қаулы жобасы кепілсіз тұтынушылық кредиттер үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 56%-дан 44%-ға дейін төмендету мақсатында әзірленді», – деп түсіндірме берілген қаулыға.

     Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *