Skip to content

ТЖМ: ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛУ ДЕҢГЕЙІ 80 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

      Биыл өрт сөндіру бөлімшелері бюджет арқылы 200-ге жуық техника сатып алады. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммкуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Өрт қаупі бар маусым алдында саладағы техника мен құрал-жабдық тапшылығы қандай?», – деп сұрады БАҚ өкілі.

   Нұрболат Дербісовтің мәліметі бойынша, өрт сөндіруші жасақтардың иелігінде түрлі функционалдық мақсаттағы 3000-нан астам өрт сөндіру техникасы бар.

    «Қазіргі таңда өнт сөндіру құрамының жабдықталу деңгейі – 80 пайыз. ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің техникалық паркін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген ақшаның мөлшеріне қарай жүріп жатыр. Кейінгі 3 жылда бізді бұл тұрғыда жергілікті әкімдіктер де, республикалық бюджет те жақсы қолдап отыр.

     Кейінгі 3 жылда 600-ден астам өрт сөндіру техникасын алдық. Биыл 86 техниканы республикалық бюджет арқылы, 100 техниканы жергілікті бюджеттер қолдауымен аламыз. Техникамен жабдықтау мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп жатыр деп айтуға болады. 2018-2019 жылдармен салыстырсақ, кейінгі үш жылда жақсы алға жылжу бар», – деді ТЖМ өкілі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *