Skip to content

ҮКІМЕТТЕ САНКЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА АҒЫНЫНА ӘСЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

      Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

      Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды.

       Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *