Skip to content
Главная страница » ҮКІМЕТТЕ «ЖЕТІЛГЕН» МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҮКІМЕТТЕ «ЖЕТІЛГЕН» МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды», – деп жазды Үкіметтің ресми сайты.

      Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған