Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

       Ұлттық банк доллар мен рубльдің 24 сәуірге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Атап айтқанда, 1 доллар құны – 457, 68 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,68 теңге.

      21 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,62 теңгеге төмендеп, 457,43 теңге болған. Ресей валютасы 5,60 теңге болды.

      Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 453,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 450– 454 теңге аралығында құбылып тұр.

    Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,43 – 5,53 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *