Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

      Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 сәуірге арналған бағамын жариялады, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Атап айтқанда, 1 доллар құны – 453, 93 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,56 теңге. 26 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 92 теңгеге төмендеп, 453,96 теңге болған. Ресей валютасы 5,60 теңге болды.

    Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 456 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 453,5– 457 теңге аралығында құбылып тұр.

   Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,4 – 5,6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,48 – 5,58 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *