Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

      Ұлттық банк доллар мен рубльдің 7 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Атап айтқанда, 1 доллар құны – 432,83 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,75 теңге.

     6 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 37 теңгеге төмендеп, 433, 43 теңге болған. Ресей валютасы 5,78 теңге болды.

     Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 436 – 439,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 436– 441 теңге аралығында құбылып тұр.

    Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,67 – 5,75 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,65 -5, 77 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *