Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

    Ұлттық банк доллар мен рубльдің 16 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,14 теңге.

       15 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 80 теңгеге қымбаттап, 464, 76 теңге болған.

         Ресей валютасы 6,14 теңге болды.

       Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 466 теңгеден сатылып жатыр.

         Ал Алматыда доллар 464-469 теңге аралығында құбылып тұр.

    Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6-6,25 теңгеге сатып алуға болады.

         Астанада көрші ел валютасы 6,05-6,15 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *