Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448, 39 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,83 теңге.
29 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6, 48 теңгеге төмендеп, 448, 26 теңге болған. Ресей валютасы 5,81 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446 – 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447– 452 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75 – 6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,7 – 5,8 теңгеден саудаланып жатыр.