Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

     Ұлттық банк доллар мен рубльдің 18 сәуірге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448, 41 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,52 теңге. 17 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 69 теңгеге төмендеп, 448, 65 теңге болған. Ресей валютасы 5,50 теңге болды.

      Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.

    Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады.
     Астанада көрші ел валютасы 5,42 – 5,52 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *