Skip to content

ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬДІҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕДІ

        Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 ақпанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Sanur.kz.

         Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,73 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,93 теңге.
24 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 00 теңгеге төмендеп, 447, 99 теңге болған.
Ресей валютасы 5, 94 теңге болды.
        Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5 – 451,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 448– 452 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,65 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 5,75 -5, 88 теңгеден саудаланып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *