Skip to content

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

     Наурыз – парсы тілінде певрардин айының бірінші күні. Яғни, Орта Азия Республикасында наурыз – көктем еңбек мейрамы ретінде 60-шы жылдың басынан бері тойланып келеді. Елеу-ескерусіз қалмайтын, заманға сай жаңарып, жаңғырып отыратын келешегі жарқын наурыз тойы аясында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «НАУРЫЗ – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ» атты ұранмен ұлттық тағамдар фестивалі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
      Аталмыш фестивальде қазақ елінің ұлттық тағамдарымер қатар славян, кәріс, өзбек, тәжік ұлттарының да ұлттық тағамдары көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар бір-бірінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, ізгі тілектерін білдірді.
 
       «Күллі дүниені жасандырып, табиғатқа нәр беріп, адамзат баласына қуаныш ала келетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл мереке – өзге мерекелерден ерекшеленіп, үлкен дайындықпен аталып өтетін, қытымыр қыстан шығып, жылдан-жылға аман-есен жеткен елдің мерекесі.
 
      Ежелгі қазақтың түсінігі бойынша, жаңарудың, жасарудың, молшылық пен бақ-берекенің бәрі көктемнен басталған. 80-ші жылдардан ортамызға қайта оралған Наурыз мерекесі біздің ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртты, санадан сөніп бара жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық келбетімізбен қайта қауыштық» деді мерекелік іс-шарада Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.
 
       Әр мереке-мейрамның өз орны, сыр-сипаты, мән-маңызы бар. Дегенмен, Әз-Наурыз мерекесі өзінің табиғатқа төл жақындығымен, жаңару мен жақсарудан тұратын жаймашуақтығымен ерек. Бұл күн тек Наурыз көже дайындалумен шектелмей, көңілді жарыс, аламан бәйге, өнер, спорт сайыстарын нақыштайтын ұлттық ойындар ойналып, киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар дайындалады.
 
     Мереке соңында қонақтарға арналып жазылған ақ дастарханнан дәм татылып, 100-ден астам тұрғынға наурыз көже ұсынылды. Наурыз мейрамының мән-маңызы, ерекшелігі жайында өнегелі әңгімелер айтылып, ел ағалары баталарын берісті. Ал, аудан өнерпаздары көңілді ән-билерімен мереке көркін аша түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *