Skip to content
Главная страница » УНИВЕРСИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ШОРТ-ТРЕКТЕН КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ

УНИВЕРСИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ШОРТ-ТРЕКТЕН КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ

  АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандықтар тағы бір жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жолы шорт-тректен Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

     Қазақстандықтар аралас эстафетада 2:47.757 нәтижемен мәреге екінші келіп, күміс медальға ие болды. Франция құрамасы (2:50.946) универсиада чемпионы атанса, Жапония (2:48.561) үздік үштікті түйіндеді.

      Қазақстан құрамасы сапында Яна Хан, Мәлика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов ел намысын қорғады. Оларды Нұрберген Жұмағазиев бастаған мамандар баптап апарды.

    Құрама сапында күміс жүлдегер атанған Әлішер Әбілқатимов пен Алина Әжіғалиева Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқиды. Жаттықтырушылары – Максим Лозовой, Данабек Хайыров және Ерхат Құбашев. Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті.

    Қазіргі кезде Қазақстан 3 алтын, 2 күміс, 2 қоламен медальдар кестесінде үздік ондықта тұр. ТОП-3-те Жапония (21-16-10), Оңтүстік Корея (8-6-6) және Польша (5-6-6) келеді.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын универсиадада қазақстандық қыздардың шаңғыдан қола медаль алғанын жазған едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған