Skip to content

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

    Мақтааралда жылдың үздік спортшылары марапатталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Мақтаарал ауданыдық №2 Балалар мен жасөспірімдер Спорт мектебі 2022 жылды сәтті қорытындылады. Осыған орай Атакент кентінде ұйымдастырылған іс шара барысында,  байрақты бәсекеде оза шапқан үздік спортшылар мен бапкерлердің еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінді.

  Спортшылардың жыл қорытындысы Мақтаарал аграрлық колледжінде өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Мақтаарал ауданыдық №2 Балалар мен жасөспірімдер Спорт мектебінің директоры Бақберегн Естөреұлы спорт мектебінің ағымдағы жылда атқарған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Салауатты ұрпақ қалыптастыру жолында мүмкіндіктер жасап  келе жатқан мектепте бүгінде 786 оқушы спорттың 9 түрімен айналысуда. Шара кезінде 53 спортсүйер жасөспірім жыл үздігі  аталымы бойынша  марапатталды.

   Соңғы кезде ауыл спортына айрықша көңіл бөлініп жатыр. Соның арқасында талантты жастар жарыстарға шығып жетістіктергеде жетіп жүр. Сала мамандарының айтуынша жыл өткен сайын спортты жанына серік еткен жастар саны артуда. Олардың арманы асқақ мақсаты айқын.

   Айта кетейік спорт мектебінде балалардың шеберлігін шыңдап  жүрген 36 бапкер бар. Кеш барысында шәкірттерді спортқа баулып жоғары жетістікке жетуіне үлес қосқан үздік бапкерлердіңде еңбегі елеусіз қалмады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *