Skip to content

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ІС ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

       Мақтаарал ауданында 2022 жылға энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі және күзгі кезеңдер бойынша кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарланған. Аудандағы 9 ауылдық округ және  2 кентте 58 шатат қарастырылып, сала мамандар залалсыздандыру жұмыстарына жылдағыдан ерте кірісті, деп хабарлайды Sanur.kz.

       Кенеге қарсы күрес бойынша ауданда жүйелі жұмыс кестесі бекітілген. Ауылдардағы қора-қопсыларға жоспарға сәйкес көктем жаз күзде бір реттік тексерулер ұйымдастырылып отырады. Жалпы биыл  көктемгі залалсыздандыру жұмыстарына облыс тарапынан 50мың бас ірі қара және 60 мыңдай ұсақ малға дезинфекция  жұмыстары арнайы препараттар  жеткізілген. Сондай-ақ,  855 834 шаршы метр қоражайлар мен оған жапсарлас аумақтарға және 813 619 шм буферлік аумаққа дельтаметрин іс-шаралары атқарылады деп жоспарлануда.

ОМАРХАН НУРАШОВ;  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ “ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ” ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МКК МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫ

Бұл Мақтаарал ауданында жайылымдық жердің жоқтығына байланысты Шардара мен Найман Бұқарбайда ұсақ малымыз ол жерде біздің 5 кубтық мал тоғыту обьектілеріміз бар. Оның бәрі әзіргі механикалық тазалаумен мал тоғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бізде мына қоражайларды залалсыздандыруға ұнтақ дельтаметеринен заласыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мына қойларды тоғытуға оған бізге 647 литр дизисип крайн бөлінген.

        Ветеринарлық қызмет сібір жарасын жұқтыруы мүмкін қолайсыз тұрғын үй аудандарын анықтауды, есепке алуды, бақылауды, сондай-ақ жануарларды жоспарлы тексеруді, жайылымдардың, мал шаруашылығы объектілерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады  ал, әрбір жануарлардың иелері сібір жарасын жұқтыру қауіптілігін ескере отырып, жеке бастың алдын алу шараларын сақтауға міндетті. Сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын сібір жарасына қарсы ектірулері, сатып алынған жануарлар туралы хабарлауы қажет. Мал дәрігерінің бақылауынсыз малды союға, етін жіліктеуге, ауру жануарлардың терісін, жүнін өңдеуге болмайды

ЕРЛАН БАЙТЕЛИЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ СЭББ-НЫҢ ЭПИДЕМИАЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мақтаарал ауданында Бірлік ауылдық округі Қ.Пернебаев ауылында сібір жарасына қолайсыз бір белсенді емес бекет бар. Ол 1999 жылы тіркелген. Бізде жылда ветеренария қызметкерлері тарапынан осы көктемгі күзгі заласыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бізде осы алдын алу үшін жылда ветеринариялық лобороторияға сынама жеткізіліп тұрады. Талаптарға сәйкес 4 жағынан құм алынып, лобороторияға жеткізіліп зерттеліп тұрады. Белсенді, белсенді емес екендігін анықтау мақсатында.

    Айта кетейік, заласыздандыру жұмыстары тек ауыл шаруашылығы жануарлары бар және оларды ұстаға қора жайлары бар үйлерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі.  Қәзіргі таңда энзоотиялық жағдай тұрақты.

АҚЫЛБЕК ЕРМҰХАНҰЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ  

Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан бақылау қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мына Мақтаарал ауданы тұрғындарына айтарымыз өздеріңіздің үйлеріңізде тазалық жасап, қоражайларыңызды өздеріңіз залалсыздандарып тұрыңыздар. Әрине бұл ветеринарлық қызметтің жұмысы дегенмен соған қоса атсалысып көмектесіңіздер. Көбінесе хабарлама береді дезинфекция жүргізетін кезде ауыл тұрғындарына сол кезде тұрғындар атсалысып малдарын уақтылы шығарма десе шығармай үйінде ұста десе үйінде ұстап әрқашанда өздерінің қолдауларын көрсету керек.

     Мактаарал ауданында дезинфекция жұмыстары үшін 9 нива 2 жүк автокөлігі жұмылдырылған. Жалпы  48 маманға жүктелген.  Маусымдық жұмыс аяқталғаннан соң  атсалысқан ветеринар мамандарды Түркістан облысы Ветеринария басқармасы тарапынан шипажайларға тегін 10 күндік демалысқа жіберіледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *