Skip to content

“ЖАҒДАЙ ӨТЕ ҚИЫН”: РОМАН СКЛЯР ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

   Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sanur.kz. 

  Парламент кулуарында Роман Скляр үкімет жанындағы комиссияның Екібастұзға барғанын айтады. 

   “Жағдай өте қиын. Өкінішке қарай өткен жылы жылу желісіндегі апат станция жұмысындағы тепе-теңдікті бұзды. Бұған дейін ақаулар аптасына 1-2 рет орын алса, қазір күн сайын болады. Күнделікті 3 қазандыққа дейін істен шығады және күн сайын қалпына келтіруге тура келеді. Былтыр бұл жұмыстармен 15 адам шұғылданса, қазір бұған “Средазэнергомонтаж Тресінен” және өзге ұйымдардан 130 адам жұмылдырылды. 65 адамнан екі ауысым жұмыс істейді”, –  деді ол.

    Екібастұз қаласында электр жылытқыш кесірінен ерлі-зайыптылар тоқ соғып көз жұмды. Қазір температура белгіленген нормадан 10-20%-ға төмен екен. 

   Еске салайық, Екібастұз қаласының тұрғындары пәтерлерінде әлі тоңып отырғандарын мәлімдеген еді. Сонымен қатар электр энергиясы үшін де қыруар қаржы төлейді екен. Алайда жылытқыштарды өшіріп, электр қуатын үнемдей алмайды. Себебі қарашада жылу электр орталығында болған апаттан кейін үйлерге толыққанды жылу берілмеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *