Skip to content

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

      8 қыркүйек 2023 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің ұйымдастырумен аппарат басшысы Атақұлов Нұржан Жақсылықұлының төрағалығында кенттер мен ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметтерінде заң бұзушылықтардың алдын алу, оларға жол бермеу мақсатында құқықтық оқыту семинары өткізілді, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі. 
 
   Күн тәртібіндегі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ҚР Кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңның қолданылуы туралы баяндамаларды Мырзакент кент әкімі аппаратының бас маманы заңгері Нұрман Рысбекұлы Абдікадыров және Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері Махмұд Рустемұлы Сулейменовтар баяндама жасады.
 
    Аппарат басшысы Нұржан Жақсылықұлы Атақұлов заң бұзушылықтарды болдырмау және жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдарды /өтінішхаттарды/ тіркеу, қарау, сапалы жауап дайындап мерзімінде мерзімінде жолдауды яғни Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сәйкес жүргізуге қатаң мән беруді тапсырды.
 
     Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *