Skip to content

ЖАҢА МАУСЫМ – ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ!

     Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры өз көрермендерін жаңа қойылымдармен қуантпақ! 55 – маусымын ашқан қарашаңырақ өнер ордасы қуыршақ театрын да қайта қолға алып отыр. Бұл туралы театр директоры Орал Камал БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Жарты ғасырдан астам тарихы бар өнер ордасы биылғы маусымды тың серпінмен бастады. Алға қойған жоспарлары да тым ауқымды. Тіпті Алматыдан әдейі режиссер де шақырыпты. Енді кәсіби маманнның көмегімен бірнеше қойылымның премьерасы жақын күндері өтпекші. Соңғы бес жылда жұмысы бәсеңдеп қалған  қуыршақ театры да кішкентай көрермендерін жаңа қойылыммен қуантпақшы.

ОРАЛ КАМАЛ;   Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры  

– Айкез Баймұхамбетовтың “Тастамашы, анашым!” спектаклі 11-12- қыркүйек күні сағат жетіде премьерасы көрсетілетін болады. 6-7 қыркүйек күндері М. Әуезовтың “Айман – Шолпан” музыкалық комедиясы сахналанатын болады. Одан кейінгі мынау бізде қуыршақ театры бұған дейін жұмыс жасаған. Бес жыл төңірегі болды. Жұмысы тоқтап, саябырсып қалған. Соны қайта жандандыру бойынша осы кісілермен ақылдасып, қуыршақ театрын шығарайық! Мектеп жасындағы балаларға, балабақша тәрбиеленушілеріне арнап қуыршақ театрын қайта сахналап шығардық. Қуыршақтарды алдырып, сахна декорацияларын қайта жасап, Тин және Тон деп аталатын спектакльді жасап шығардық. “Алпамыс батыр” балабақшасында премьерасы өтті. қазір гастрольдік сапарлар жасап жатыр. 

  Биыл актерлік құрамы 10 жас кәсіби маманмен толыққан өнер ұжымы қыркүйек – қазан айларына жоспарланған жаңа премьеларға қызу дайындық үстінде екен.  

ОРАЛ КАМАЛ;   Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры

– Алдағы жоспар қыркүйек айының соңында Пугаевтың “Қара шекпен ” спектаклі жарық көреді. Американдық Сараянның “Жұмақтағы жасын” спектаклі ол да премьера болады.  Одан кейін балаларға арналған “алтын балапан” спектаклі. Ол да премьера болады.

   Брифингке арнайы қатысқан Алматылық режиссер Аридаш Оспанбаева да театр әртістерінің кәсіби өскенін айтады.

АРИДАШ ОСПАНБАЕВА; Режиссер

– Бірнеше актердің жақсы өскенін байқадым және де қарындары аш болып көрінді маған. Қазір ойлаймын жақсы. Сахнаға келу, сахнаға төселу процесі бар екен. Кейбір актерлердің кәсіби білімі жоқ, бірақ тума талант бар. Саханаға деген махаббат бар. Сенің берген мағлұматыңды алғысы кеп тұрған адамдар көп.  Тіпті бәрі десем болады. Мен берем . Маған да отдача болу керек қой. Осы процесс мені қанағаттандырды.

   Айтпақшы, театр ұжымы қазан – қараша айларында Қазақстанның бірнеше қаласына гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр. Сондай ақ, Түркияның Аланья қаласында  да қойылым қоймақшы екен. Айта кетейік  Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры еліміздегі  ауданда орналасқан жалғыз театр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *