Skip to content

ЖАС ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖЫР АНАТОЛОГИЯСЫНА» ЕНДІ

        «Орталық Азия жыр антологиясына» жас қазақ ақындарының өлеңдері енді. Бұл туралы Қазақстандағы Гёте институтының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

     24 сәуірде Берлин қаласындағы Гумболдт университетінде жас қазақ ақындарының өлеңдері енген «Орталық Азия жыр антологиясының» тұсауы кесілді.

        «2021-2022 жылдары Гёте институтының ұйымдастыруымен өткен «Grand Tour Zentralasien» жобасының жалғасы ретінде Орталық Азия елдері жас ақындарының жырлары неміс тіліне аударылды» делінген баспасөз мәліметінде.

       Сиясы кеппеген антология алғаш рет Берлин және Лейпциг қалаларында көпшілікке таныстырылып, неміс тілді оқырмандар назарына ұсынылады.

       Жыр жинағына жас қазақ ақындары Сағыныш Намазшамова, Жеңісбек Пазыл, Батырхан Сәрсенхан, Еділбек Дүйсен және Мирас Асанның өлеңдері енген. Ал қырғыздың Алиман Абдыкеримова, Нарсулуу Гургубаева, Гүлзада Станалиева, Нуриза Өмүрбаева және Махабат Қасейинова сынды ақындарының өлеңдері аударылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *