Skip to content

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІНДЕ ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ 800 МЫҢ ТЕҢГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

       9 мамыр – Жеңіс күніне орай елордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 800 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Астана қаласы маслихатының шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне қосымша 30 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін», – делінген қалалық маслихаттың шешімінде.

     Құжатты ашық талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *