Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны ресми түрде 9 000-ға жетті. Түркияда 6 957, Сирияда 2 500-ге жуық адамның өлімі расталды. Бұл ақпаратты Түркия мен Сирия үкіметі растады, деп хабарлайды Sanur.tv.
Бұл ретте, Түркия мен Сирияға әлі де құтқару күштері жетіспей жатқанын атап өту керек. Өйткені, үйінді астында қалғандар толық құтқарылған жоқ.
Алғашқы 7,8 баллдық жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні Газиантеп қаласы маңында болды. Бірнеше сағаттан кейін тағы 7,5 баллдық жер сілкінісі болған.