Skip to content

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

    Алғыс айту күні – бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл тағдыр тоғыстырған Қазастанның көп этнос халқының ортақ тарихи құрметтеу күні.
 
    Бүгінгі таңда егемен еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, мейірбандық дәстүрлерінің жалғасын тауып, бірлігіміздің өнегелі өлшеміне айналған айтулы күнді Жетісай ауданының тұрғындары жоғары деңгейде атап өтті.
 
   Жалпыұлттық патриоттық идея насихатталып, мемлекеттік тұтастығын нығайта түсу мақсатында аудандық «Жетісай» мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, Түркістан облысының Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамұратов, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов, өзге ұлт өкілдері мен БАҚ қатысты.
 
  Жиында алғы сөзді алған Серік Үсенұлы аудан әкімшілігіне сенім артқан барша аудан тұрғындарына алғыс білдіріп, аудан тұрғындарын «Алғыс айту» күнімен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі «Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық» деді.
 
  Басқосу барысында ел ағалары мемлекетіміз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында кезінде тағдыр тәлкегімен келген еліміздегі өзге ұлттар мен ұлыс өкілдерін кең құшағын жайып қарсы алып, бір үйдің баласындай жанашырлық танытқан қазақ халқына шынайы алғыстарын білдірді.
 
   Жасампаз еліміз әлемдік аренада бейбітшілік пен тұрақтылықтың, татулық пен тұтастықтың үлгісі бола білді. Көпэтносты халықтың ортақ меркесін жоғары етіп атап өтуге аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен арнайы шақыртылған қонақтар өз үлестерін қосып, жиылған көпшілікке рухани демалыс сыйлады. Патриоттық әуендер шырқалып, көрермендер мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *