Skip to content

ЖЕТІСАЙДА 5 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жұмыс кестесі аясында Жетісай қаласы, Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
  Осыдан 4 жыл бұрын құрылысын бастап, аяқсыз қалдырған «АСАД-Құрылыс» компаниясының жұмысына наразылық білдірген тапсырыс беруші өткен жылы мердігерді сотқа беріп, екіжақты келісім-шарттың күшін жойған.
 
  Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты нысанның құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы қайта жасалып, өткізілген конкурс нәтижесінде жалпы құрылыс құны 1 млрд 479 433 912 теңге болатын нысанның жеңімпазы болып «Таймас Company» ЖШС анықталған. Ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, биылғы жылдың желтоқсанында тапсырылуы жоспарланған нысанның жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
 
  «Мемлекеттік қазынадан қаралған қаржының әрбір тиынын мақсатты жұмсап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі қатаң бақылауға алынуы керек. Мемлекет қаржысының әрбір тиынының сұрауы болатынын, бұл мектепте сіз бен біздің балаларымыздың білім алатынын ұмытпаңыздар» деді аудан басшысы.
 
  Айта кетейік, бұдан бөлек «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 82 мектеп мектебі бар ауданның Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылыстары жүргізіліп, 2024 жылы пайдалануға қолданысқа беру жоспарлануда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *