Skip to content

ЖЕТІСАЙДА БИЫЛ 79,2 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕГІН ЕГІЛЕДІ

       Аграрлық саланы негізгі табыстың кілті мен сарқылмас көзіне айналдырған Жетісай ауданында саланың дамуына мемлекеттік деңгейде екпін салып, кешенді жоспарларды іске асыруда жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
     Биылғы жылы ауданда 79,2 мың гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын, нақтырақ айтар болсақ, 44 мың гектар жерге мақта, 19 мың гектардан астам жерге бақша, 3,5 мың гектар алқапқа көкөніс және 11 мың гектардан астам жерге мал азықтық дақылдарын егу жоспарланған. Қазіргі таңда осы аталған дақылдары егу жұмыстары қызу жүргізілуде.
 
      Ақпан айынан алқаптарда диханшылығын бастайтын шаруалар бүгінде 1700 гектардан астам жерге көкөніс, 15,9 мың гектар жерге бақша, 16 мың гектардан астам алқапқа мақта және 4 мың гектардан астам алқапқа мал азықтық дақылдарын егіп үлгерген. Егін егу науқаны әлі де жалғасуда.
 
   Ерте егілген қырыққабаттан 1170 тонна өнім алынып, Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қатар басқа да облыстарға, Рессей мен Беларусия елдеріне сатылуда.
 
    Айта кетейік, аудан дихандарының көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 7020 тонна жеңілдетілген жанар жағар майдың 4226 тоннасы талон жүйесі арқылы таратылған.
 
      Бөлінген жанар-жағар май ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына сәйкес бекітіліп, «JOL YRYSY» ЖШС, ЖК «Әуезов», «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» ЖШС арқылы 1 литрі 206 теңгеден босатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *