Skip to content

ЖЕТІСАЙДА ДӘНЕКЕРЛЕУГЕ ҚАЖЕТТІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ЭЛЕКТРОДТЫ ҰРЛАҒАН ЕКІ ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

   Жетісайда дәнекерлеуге қажетті мыңға жуық электродты ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Sanur.kz,  Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

   Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өндірістік үй-жайындағы қоймасына ұры түскенін жеткізді. Яғни, белгісіз біреулер жәбірленушіге тиесілі контейнердің құлпын бұзып, онда тұрған Kobelco LB-52  әрқайсысының ішінде шамамен 100 данадан электроды бар 9 қорабын, бір Alteco болгаркасын ұрлап кеткені көрсетілген. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрайды.

    Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.


Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *