Skip to content

ЖЕТІСАЙДА ИМАМДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

    Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Нұғман» орталық мешітінің, аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты имамдар мен мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан, үстел теннисі мен арқан тартудан аудандық спартакиада болып өтті, деп хабарлайды Sanur.kz
 
Аталмыш спорттық додаға ауданға қарасты қала, кент, барлық ауылдық округтерден 17 команда қатысып, бақ сынасты. Ә дегеннен өздерінің жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, үлкен дайындықпен келген имамдардан құрылған командалар өздерінің тек мешіт пен дін ісінің төңірегінде ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанған кәнігі спортшы екендіктерін дәлелдеп бақты.
 
Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шыққан командалар арасында кіші футболдан ІІІ орын Жетісай қаласының «Нұр-Жетісай» мешітінің командасына бұйырса, ІІ орынға жетісайлық «Нұр-Алла» мешітінің имамдары табан тіреді. Жүлделі І орын Асықата кентінен келген «Асықата» мешітінің командасына бұйырды.
Ал, үстел теннисінен ІІІ орынды Данияр Мырзамуратов иеленсе, ІІ орын Қуаныш Қыдырияға, І орын Ерасыл Жұмабайға бұйырды.
 
Сонымен қатар, арқан тартыстан өткен сайыста ІІІ орынға «Нағанай ата» мешітінің командасы, ІІ орынға «Нұр-Жетісай» мешітінің командасы, І орынға «Құрбан ата» мешітінің командасы ие болды.
Сайыс соңында жүлделі орынға ие болған командалар мен түрлі номинация иеленген жекелеген ойыншыларға, аудандағы дін саласында нәтижелі қызмет етіп жүрген имамдарға аудан әкімінің орынбасары Марат Фаритұлы алғыс хаттар мен дипломдар, бағалы заттай сыйлықтарды табыс етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *