Skip to content
Главная страница » ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТТЕ «ОТБАСЫ БАНКІ» ЖЕЛІСІ БОЙЫНША 1 МЫҢНАН АСТАМ ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЫМКЕНТТЕ «ОТБАСЫ БАНКІ» ЖЕЛІСІ БОЙЫНША 1 МЫҢНАН АСТАМ ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

    Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Sanur.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

  Кеңеске қатысушылар «Сайрам» елді мекенінде сумен жабдықтау объектілерін, Алматы тасжолы бойындағы «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады. Мәселен, осы жылдың өзінде 11 шақырымнан астам автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

    Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша 2023 жылы ұзындығы 9 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің әбден тозығы жеткен жерлерін реконструкциялау басталады. Бұдан басқа әкімдік Спортивный шағын ауданындағы қазандықты реконструкциялауды және жаңа сорғы станциясының құрылысын жоспарлап отыр.

    Алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша да қажетті шаралар қабылданады. Олардың қатарында Бозарық (1 640 пәтер) және Ақжайық (780 пәтер) шағын аудандары бар. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін «Отбасы банкі» желісі бойынша тиімді мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үй беру жалғасады, атап айтқанда, жыл соңына дейін 1 мыңнан астам пәтер тапсырылмақ.

   Сондай-ақ кеңесте «Қайнарбұлақ» тұрғын алабын газбен жабдықтау, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Тассай» индустриялық аймақтарына инфрақұрылым жүргізу, МӨЗ айналасында мұнай шикізатын терең өңдеу бойынша өндірістер құру, оңтүстік өңірлік хаб құру аясында сауда-логистикалық орталықты кеңейту, инвестициялық және т.б. жобаларды іске асыру үшін ӘКК жер учаскелерін беру тетігін жетілдіру мәселелері қаралды.

     Баяндамашылардың есептерін тыңдай келе, Премьер-Министр Шымкенттің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін белгіленген жоспарларды сапалы және уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған