Skip to content

ЖЫЛҚЫ ЕТІ ҚЫМБАТТАЙ МА? – МИНИСТР ЖАУАБЫ

       Жұтқа байланысты жылқы еті қымбаттай ма? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды Sanur.kz.

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте БАҚ өкілі министрге “Биылғы жұтқа байланысты жылқы еті қымбаттап кетуі мүмкін бе?” деп сұрақ қойды.

Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі, жылқы шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Елімізде 4 млн бас жылқы бар. Сондықтан осыған байланысты жылқы еті қымбаттамайды, – деді Сапаров.

Бұған дейін Айдарбек Сапаров Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылғанына қатысты түсініктеме берді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *