Skip to content

ЖЫЛЫЖАЙҒА МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ КЕРЕК

         Биылғы қатты қыс Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына оңай тиген жоқ. Көп жылыжайлар қалың қарды көтере алмай, құлап қалды. Ал  жылыжай қожалықтарында көмірді сатып алуға қаражат жоқ. Бұл туралы күні кеше өткен Мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев айтты. Жетісай ауданында да 20 гектардан астам жылыжай бар. Өңір шаруаларын да мемлекеттен жылыжай ісіне көңіл бөлінбеуі алаңдатады, деп хабарлайды Sanur.kz.

      Қыстың қытымыр мінезі жылыжай шаруашылықтарына да оңай  соққан жоқ. Көптеген жылыжай кешендері арзан әрі жеңіл  материалдармен салынғандықтан, қыста қалың қарды көтере алмаған. Парламент қабырғасында осы мәселені көтерген мәжілісмен Қайрат Балабиевтің айтуынша, қарда қираған жылыжайлардың 94 пайызы  шаруалардың  өз күштерімен тұрғызылған. Республика жылыжайларының 67 пайызы Түркістан облысына тиесілі екенін айтқан халық қалаулысы жылыжай шаруашылықтарына субсидия мен пайызы төмен несие беруді ұсынды. Әйтпесе, жылыжай қожалықтарының көмірді сатып алуға қаржысы жоқ деді.

ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ; ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жылыжай қожалықтарында көмірді алдын  ала сатып алатын қаражат жоқ, оны сақтайтын орын да жоқ. Түркістан облысының зардап шеккен шаруашылықтарын қолдау бойынша, Үкімет жүйелі шараларды әзірлеп, 2023 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттен мемлекет тарапынан шаруашылықтарға жыжыжай өндірістерінің құрылыстарын жүргізуге төмен 5 пайыздан аспайтын ұзақ несиелер мен гектарлық субсидиялар беруге ықпал етуіңізді сонымен қатар индустрия және инфрақұрылым даму миинстрлігіне , Қазақстан темір Жолы компаниясы мен өңір әкімдеріне әлеуметтік көмірмен жылыжай шаруашылықтарын алдын ала қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсыруды сұраймын.

      Жетісай ауданында 20 гектардан астам жерге жылыжай тұрғызылған. Жылыжай қожалықтарының басым бөлігі ерте пісетін қызынақ, қияр сынды көкөніс өнімдерін өндіреді. Аудан диқандары қырыққабат көшетін де алдымен жылыжайда өсіреді. Тіпті лимон өсірушілер де бар дейді сала мамандары. Алайда оларға мемлекет тарапынан ешқандай қолдаулар көрсетілмейді. 2017 жылдан бері субсидия беру де тоқтағанын айтады.  

НҰРТАС ТҰРСЫНБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

– 6 га астам жерге қызанақ, 3 гектардан астам жерге баклажан  , аскөк бір гектар жерге. Одан кейін мына қазіргі таңда қияр, 1 га жерге лимон дақылдары егілген. Одан басқа да көкөніс дақылдары егіледі. Жылыжайларда қауын, қырыққабат көшеттері отырғызылып, қазіргі таңда алқаптарға егіліп жатыр. 2017 жылдың 2 жартыжылдығына дейін мемлекеттік қолдау болды. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау субсидия берілмейді. Қарастырылмаған именно жылыжайларға.

       Қазір аудан шаруалары есік алдындағы үй іргелік жерлерін де пайдаға асырып отыр. Тіпті бір жылдан бір емес, екі – үш өнім алып отырғандар бар. Мәселен, Ералиев ауылдық округінде үйіргелік егіншілігі жақсы дамыған.

НҰРТАС ТҰРСЫНБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Иә, қазіргі таңда үй іргелік жерлерді дамыту бойынша бізде жақсы қолға алған Ералиев ауылдық округіне келетін болсақ, ең алдымен үй іргелік жерлерді өз мақсатына пайдалану, екіншіден ары қарай дамыту, яғни бір жерден екі – үш өнім алу жақсы қолға алынып келе жатыр. Именно біз сол Ералиев ауылдық округіне қойған себебіміз оны ары қарай жетілдіру, тамшылатып суғару әдісімен бірнеше дақылдарды егіп алуға мүмкіншілік бар.

        Иә, аудан тұрғындарын ерте жыл он екі ай жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтьып отырған жылыжай  шаруашылықтарына мемлекеттен қолдаулар аса қажет – ақ. Себебі, елімізде жылдан жылға жылыжайда өндірілетін өнім көлемі азайып, есесіне импорттық тауарлар артып барады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *